ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді

21:30, 23 тамыз 2017

Тамыздың 22-нен 26-сы аралығында облыстық онкологиялық диспансерде «Лапароскопиялық колопроктология» тақырыбында шеберлік сыныбы өтіп жатыр.

ТМД және Еуропа елдерінің білікті хирургы, Израиль клиникасының онколог-дәрігерІ Сергей Байдо Өскеменге келіп, әріптестеріне эндоскопиялық құрылғы көмегімен орындалатын бірнеше қиын операцияның жасалу жолдарын көрсетті.

Хирургтардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған шеберлік сыныбы облыс әкімінің үш деңгейлі білім беру гранты бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Оған сәйкес шетелдік танымал мамандар шақырылып, олар жылдар бойы жиған білімімен және емдеу әдістерімен бөліседі. Онкологиядағы эндоскопиялық хирургия басты тұлға - дәрігерден жоғары біліктілікті және тәжірибені талап етеді. Бұл қасиет 20 жылдам астам уақыт операция жасап келе жатқан онколог-дәрігер Сергей Байдоның бойында бар. Хирург облыстық онкодиспансерде шағын инвазивті операциялар туралы лекция оқыды. Сондай-ақ қазақстандық әріптестерімен бірлесе отырып, бірнеше науқасқа операция жасады. Емделушілердің ең жасы - 32-де.
Тамыздың 26-на дейін израильдік маман көмегімен тағы да бірқатар операция жасалып, оларды сапалы орындауға және тік ішектегі қатерлі ісік, лимфодиссекцияның техникасы және анастомозды орнатуға қатысты лекциялар өткізіледі. Онкологиялық диспансердің бас дәрігері Гүлмира Сағидуллинаның айтуынша, «Денсаулық сақтау бағдарламасы» аясында Өскемендегі және Семейдегі  онкодиспансерлерге арнайы эндоскопиялық құрылғыны сатып алуға қаржы бөлінген. Қазір облыстық дәрігерлер құзырында орындалуы қиын операцияларға қажеттінің бәрі бар.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
14:17, 16 қараша 2017
ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар