ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ІНДЕТКЕ ҚАСЫ ОТАНДЫҚ ВАКЦИНА

14:16, 3 тамыз 2020

Коронавирустық инфекцияға қарсы Қазақстандық вакцина сынақтан мүдірмей өтіп жатыр. Маңызды миссиямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында елдің жетекші мамандары айналысуда. Аталмыш орталықтың тәжірибесі мол. Институт вакцинаны дайындауға наурыз айының ортасынан бастап кіріскен.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жарты ғасырдан астам вакциналарды өндіруде мол тәжірибе жинаған бірегей ғылыми орда. Мұнда Қазақстанның 13 зертханасында жұмыс істейтін елдің жетекші вирусолог-ғалымдары бас қосқалы біраз болды. COVID-19 вирусын жұқтырған алғашқы науқастар наурыз айының ортасында ғана анықталғандықтан ғалымдар патологиялық материалға тек 23 наурызда ғана қол жеткізген. Елдің білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан алғашқы науқастардан материалдар алынып, ғылыми институтқа жеткізілген-ді. Өте қысқа уақыт ішінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде 9 мамырда ғалымдар алғашқы вакцинаны шығарды. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидаттық вакцина ретінде тіркеді. Дүниежүзілік ұйымға тіркелген күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды. Вакцина әуелі тышқандар,  егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары мен қояндарға сыналды. Бұл зерттеулер аяқталғаннан кейін көп ұзамай вакцинаның клиникалық сынақтары басталмақ. Бүгінгі таңда сынақ нәтижелері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының регламенттеген барлық параметрлер бойынша барлық талаптарға сәйкес келетіні нақтыланды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар