ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ ИГІЛІГІ КӨП

17:04, 18 қараша 2020

ШҚО қан орталығында COVID-19-ға шалдыққандарға иммундық плазма дайындау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде инфекциядан жазылған донорлар коронавирустың ауыр түрімен ауыратын науқастарға барынша көмек қолын созуда. Қалай донор болу керек және бұл үшін не қажет?

Коронавируспен ауырып жазылған кез келген азаматтың донор болуға мүмкіндігі бар. Алайда олардың барлығы бірдей донор бола алмайды. Бұл үшін алдымен антиденеге сынама алынып, сараптамаға жіберіледі. Иммундық плазма қан құрамында вирусқа қарсы антидене жеткілікті мөлшерде болса ғана алынады. Қазіргі таңда облыс бойынша иммундық плазманың үш мың дозасы дайын. Оның екі мыңы Өскеменде, ал мыңы Семей қаласындағы қан орталығында.

Антиденелер расталған жағдайда иммундық плазманы тапсырар алдында дайындалу керек. Кешкі сағат 6-дан бастап, ащы, майлы, қуырылған тағамдарды, сүтті пайдаланбаған жөн. Суды немесе қара шайды көп ішу қажет. Дәрігерлер сондай-ақ, қан плазмасын тапсыру денсаулыққа зиян келтірмейді, бір донордың арқасында үш адамның өмірін сақтап қалуға болатындығын айтады. Айта кету керек донордың жасы 18-ден асқан, жеке куәлігі бар және салмағы кемінде 50 келі болуы керек. Ең бастысы, аурудан айыққаннан кейін ағзаның қалпына келуі үшін екі апта уақыт өтуі тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
17:49, 24 қараша 2020
НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...