ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ

18:23, 25 қыркүйек 2020

Соңғы уақытта коронавирусты қан плазмасымен емдеу туралы жиі айтылып жүр. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы ковид-19-бен күресуге қажетті плазманы  дайындауда. Қан тапсыру үрдісі донорларға қаншалықты қауіпсіз және кімдер тапсыра алады?

Сәулеш Бұрымбетова 20 жылдан бері қан тапсыруды дәстүрге айналдырған.  Зайсанда дәрігер қызметін атқарады. Тамыз айында жұқпалы індетпен орташа дәрежеде ауырып, емделіп шыққан. Иммундық плазма тапсыру үшін облыс орталығына арнайы келіпті. Иммундық плазма  донордан арнайы құрылғының көмегімен алынады. Қан тапсырушыларға ешқандай қауіп жоқ. Дәрігерлер екі аптадан кейін  иммунды плазманы екінші рет  тапсыруға болатынын айтады. Бұл үшін қанда түзілген антидене көп болуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар