ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

18:05, 16 қараша 2020

Өскеменде жерүсті өткеліне індетпен арпалысып жүрген бірқатар медицина қызметкерлерінің фотосуреттері ілініп, есімдері жазылды. Алдыңғы шептегі мамандар арасында тек қана дәрігерлер ғана емес, мейірбике, жедел жәрдем жүргізушілерінің де бейнесі бар. Қала тұрғыны Талғат Әділбеков көп суреттің арасынан танысын көріп дән риза. Көпшілік назарына ұсынылған көрмеде қызы Анардың да фотосы бар. Көмекке зәру жандарға қол ұшын созып жүрген медицина маманы әріптестерімен бірге індет ошағында тер төгуде .Жақынын танып, суретке түсіріп жүрген тек Талғат аға емес. Өзге де қала тұрғындары суреттегі жүзі жылы жандарды көзбен шолып өтіп жатыр. Бұл дәрігерлерге деген ерекше құрмет. Жобаға «Қазақстан Волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен Өскемен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды. Жерүсті өткеліндегі ерекше көрмеде 34 маманның суреті ілінген. Дәрігерлерден бөлек, медбикелер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілерінің де бейнесі бар. Әрбір фото иесінің келісімінен соң ғана көпшілік назарына ұсынылған.

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
17:49, 24 қараша 2020
НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...