ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ

16:14, 31 наурыз 2020

Короновируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемақы төленеді. Ақ халаттылар кемінде 400 мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін еңбекақы алатын болды. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Үкімет үстемақы көлемін бекітті.

Өз тағдырын қатерге тігіп, өзгенің өмірін арашалап жүрген дәрігерлердің еңбегі еленеді. Президенттің пәрмені.  Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстеме ақы белгілеу туралы бекіткен шешімін жариялады. Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі:

 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ БЕРІЛЕТІН ҮСТЕМАҚЫ

Бірінші «Қауіптілігі аса жоғары» мамандар. Яғни, ранимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. 3284 маман. Үстемақы көлемі 850 мың теңге. Орташа айлығын қосқанда олар 1 млн теңге үстінде алады. ІІ топ «Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. 11 951 маман. 425 мың теңге үстемақы қосылады. Орташа айлығын қосқанда 600 мың теңге. ІІІ топ «Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. 10 994 қызметкер бар. Оларға 212 мың теңге қосылады. Орташа айлығын қосқанда 380 мың теңге алады. Жалпы, мұндай қолдауға 26 229 адам ілігіп отыр. Бұдан бөлек, медицина қызметкері короновирус жұқтырған жағдайда тағы да қолдау көрсетіледі. 2 млн теңге берілмек. Ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңге төленеді. Сонымен қатар, 18 наурыздан бастап шетелде жүрген 7702 қазақстандық мемлекеттің көмегімен елге жеткізілді. Алдағы күндері тағы 752 азаматты әкелу жоспарлануда. Бұл мемлекет басшысының ерекше бақылауында деді Дәурен Абаев.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар