ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

22:04, 7 шілде 2020

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен  денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген Шығыс Қазақстан облысының  15 дәрігері мемлекеттік наградалар иеленді. Сондай-ақ, ерекше еңбегімен көзге түскен бірқатар медицина қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды. Адам өміріне аса қауіпті, жұқпалы індетпен күресіп жүрген денсаулық сақтау саласының мамандары жоғары құрмет пен шексіз алғысқа лайық. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, орден және медальдарды табыс етті. Нина Фомичева облыстық медициналық орталықтағы жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі. 37 жылдық еңбек тәжірибесі бар инфекционист-дәрігер өңір тұрғындарына сақтық шараларын сақтауға  кеңес береді. Бұл күні еңбегі еленген дәрігерге «Құрмет» ордені табысталды. Аудандағы провизорлық стационарды дайындауға белсене қатысқан Төлеуғайша Жүнісбаева Үржардағы аудандық ауруханада жоғары санатты мейірбике болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі 36 жылдан жоғары.  Төлеуғайша Жүнісбаева «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды. Бүгінде өңірде COVID-19-дың облыс аумағына жаппай таралып кетпеуі үшін  кешенді іс-шаралар қолға алынған.  Жұқпалы аурулар бөлімі, провизорлық және карантиндік төсек-орындар саны екі есеге ұлғайтылды. Аудан мен қалаларда интенсивті терапия бөлімдері ашылды. Қазіргі уақытта бекітілген нормативтен көп мөлшердегі,  50 рентген-аппараты, 15 компьютерлік томограф, 196 жасанды тыныс алу құрылғысы бар. Жуықта тағы да қосымша 50 жасанды тыныс алу құрылғы сатып алынады. Тамыз айында заманауи техникамен қамтылған 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Басты мақсат – халықтың амандығы. 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
15:31, 7 тамыз 2020
МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар