ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Дәрі-дәрмекпен қамту бойынша ойнатылған тендер қорытындысы тағы күмән туғызды

21:30, 28 сәуір 2017

Дәрілік препараттарды жеткізушілер тендердің заңды екеніне көз жеткізу үшін ауданаралық экономикалық сотқа арыз жібергендігі анықталды.

13 сәуірде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы амбулаторияларды дәрімен қамтамасыз ету жөнінде ойнатылған тендердің қорытындысын шығарды. Енді сот шешімі шыққанға дейін, ауру бәсеңдеткіш анальгетиктер өте мұқтаж онкологиялық науқастарға ғана берілетін болады, оның өзінде шұғыл түрде онкологиялық диспансерге түскен жағдайда. Ал өзге ем іздеушілердің құзырлы органдардың ары қарайғы шешімін күтулеріне тура келеді. Тендерде ұтпай қалған компаниялардың сотқа арыздану мәселесі бүгінде облыста қалыпты жағдайға айналды. Аталған мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау басқармасы толықтырулар мен өзгертулер енгізуге дайындалып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
14:17, 16 қараша 2017
ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді
Толығырақ...
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
21:30, 23 тамыз 2017
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар