ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

14:12, 24 қараша 2020

«СК-Фармация»-мен жұмыс істейтін қоймалардың біріне дәрілер жеткізілді. Тауар өңіріміздегі ауруханалардың өтінімі бойынша алынды. Барлығы жоспарлы емдеу мен ковид-19 вирустық пневмонияны емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер. Операциялық хабта сақтаулы тұрған дәрілер осы апта соңына дейін аудандарға жеткізіледі. «Нұр Отан» партиясы өкілі мен сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті мамандары,  «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісінен құрылған топ қоғамдық  бақылау жүргізеді. Дәрілердің аудандарға уақытында жеткізілуі мен науқастарға тегін берілуін қадағалайды. «СК-Фармация» мен облыстағы медициналық мекемелер арасында стационарлық ем қабылдау негізінде 9,3 млрд теңгеге 837 келісімшарт жасалған. Қолданыстағы емдеу хаттамасына сай, 1 млрд теңгеден астам қаржыға ковид-19-ды емдейтін дәрілер сатып алынған. Жалпы, компания жоспарлы емдеуге қажет сұранысты да орындайды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қоғамдық бақылау жүргізуші топ өкілдері  ауруханаларда дәрілердің болуын қадағалап,  бағаларына тексеріс жасайды. Бұл мәселе бойынша облыс тұрғындары құзырлы орындарға жүгінеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін «Адалдық алаңының» желісіне вацап арқылы шығып, фото, видео жіберушілер де бар.  Байланысқа шыққан «СК-Фармация» қызметкері  облыс ауруханаларында ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер жеткілікті мөлшерде екенін айтты. Вирустық пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуде стационарда қолданылатын Клексанға сұраныс болған. Осыған байланысты Клексан бұл жолы көптеп алынды. Келесі аптада тағы 10 000 данасы осы қоймаға келіп түседі. Бұған дейін Дексаметазон жеткізілген. Антикогулянттар мен гормондарға сұраныс әлі де бар болуына байланысты қосымша Дексаметазон мен Апиксабан жеткізіледі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
13:36, 20 қаңтар 2021
ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...