ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

17:47, 27 қазан 2020

Өңірде коронавирус індетімен күрестің екінші толқынына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл іске облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мамандары, «Шығыс Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мен қоғам белсенділері белсене араласуда. Олар ауруханалар мен емханалардың дәрі-дәрмек қорымен жеткілікті мөлшерде қамтылуын назарға алған. «СҚ Фармация» компаниясы жергілікті медициналық мекемелердің тапсырысы бойынша қолданыстағы емдеу хаттамасына сай ковид-19 індетімен күресте пайдаланылатын 37 дәрі-дәрмек түрін сатып алып, өңірдегі қоймаларға жеткізді.

Жұқпалы індеттің жеңіл түрімен ауырған науқастар керекті дәрі-дәрмекті үйге алып, амбулаториялық жағдайда емделе алады. Бұл үшін учаскелік дәрігердің нұсқауына сүйенеді. Ем-шара тағайындалған соң емделуші тегін дәрілерді қай дәріханадан барып алатынын анықтап алуы тиіс.  Өңірге жеткізілген дәрілер қоймада 5 күннен артық сақталмайды. Тапсырысты логистер қабылдап алып, арнайы көліктермен аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға жеткізеді. Жолдардың жағдайы, ауа-райының құбылуы да ешқандай қолайсыздық туғызбайды. «СҚ Фармация» компаниясының өкілі алдағы уақытта да тұтыну көрсеткішіне қарай жұмыс істейтіндіктерін айтады. Қазіргі уақытта олармен келісімшарт негізінде жұмыс істеп келе жатқан облыс аумағындағы медициналық мекемелердің барлығында да дәрі қоры жеткілікті дейді. Компания өкілі  қандай да бір дәріге қосымша сұраныс туып жатса, 1-2 күн ішінде дереу тиісті орынға жеткізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, жұмыстарын ашық әрі жариялылы түрде жүргізетіндіктерін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...