ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

21:55, 8 шілде 2020

Әлемді жайлаған індет күн санап өршіп келеді. «Жығылғанға жұдырық» демекші бүгінде дәріханаларда қажетті медициналық дәрі-дәрмектерді де табу оңай болмай тұр. Алыпсатарлардың қитұрқы әрекеті тағы бар. Осы орайда Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды нықтап айтты.. Мәселен, мемлекет басшысы тапсырмасымен дәрі-дәрмектің құнын көтерген кәсіпкерлерді  жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде дәріханаларды тексеру жұмыстары басталды.. Мәселен, заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында тиісті сала өкілдері рейд  жүргізуде. Ақтөбе қаласының тәртіп сақшылары дәрі-дәрмекті көтерме бағамен сату фактісін анықтады. 5 шілде күні әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер 27 жасар қала тұрғынының Instagram әлеуметтік желісі арқылы "Цефтриаксон"медициналық препаратын заңсыз сатқанын әшкерелеген. Ер адам дәрі-дәрмектің 30 ампуласын 1000 теңге бағасында шығарған. Ал дәріханада препараттың негізгі құны 150-200 теңгені құрайды. Аталған факт бойынша күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ сол күні жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен  31 жастағы ер адам мен 26 жастағы азаматшаның заңсыз медициналық дәрі-дәрмектерді сатқаны белгілі болды. Елордалық полицейлермен заңсыз сатылымның жалпы сомасы 3,5 млн. теңгені құрайтын медициналық дәрі-дәрмектер тәркіленді. Арам пиғылын жүзеге асырмақ болғандар сайт арқылы термометрлер, "Ингавирин" , "Парацетамол", "Цефтриаксон" және басқа да дәрі-дәрмектерді сатуға шығарған. Аталған факті бойынша барлық тәртіп бұзушылар полицияға жеткізілді. pДәрі-дәрмек алыпсатарлары Шығыс Қазақстан облысында да ұсталды. Олардың бірі 45 жасар Өскемен қаласының тұрғыны. Заң бұзушы жарты миллион теңге сомасын құрайтын  ыстық түсіретін препараттар мен антибиотиктер сатып алып, оларды бес есе қымбат бағамен алып сатқан. Сондай-ақ осыған ұқсас факт  Риддер қаласында  анықталған. Сәйкесінше, жергілікті полиция қызметкерлерімен дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісінің жолы кесілді. Айталық, жергілікті тұрғын үйде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатып алушыларға тек түнгі уақытта ғана сатып отырған.  ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, барлық анықталған деректерге құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға береді. Жалпы Қазақстан бойынша 46 алыпсатардың жолы кесіліп, бір күнде полиция бөліміне жеткізілді. Денсаулық сақтау министірінің дерегінше, заңсыз дәрі-дәрмек сатпақ болғандар Шымкент, Алматы, Атырау, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарынан анықталған.  Дәрі-дәрмекке сұраныс артқан сайын, алыпсатарлардың жасырын саудасы қызып тұр. Дегенмен мамандар  немқұрайлылық таныту  адам денсаулығына зиян әкелуі мүмкін екендігін айтады. Жауапты сала мамандары өкілдері, бірінші кезекте дәрі-дәрмекті алып сатумен айналысатындардың заңға қайшы әрекетіне қатысты  тәртіп сақшыларына хабарласуды сұрайды. Айталық, әр қалада алыпсатарлардың заңсыз әрекетін анықтауға арналған  арнайы топ құрылған. Енді осындай  заңға қайшы әрекетке барған кез-келген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
15:31, 7 тамыз 2020
МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар