
Өскеменде тегін дәрі-дермектің қолжетімділігі мен медициналық қызмет сапасы туралы облыстық ауқымда арнайы семинар өтті.
Шара барысында денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Семинарда медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі де талқыланды. «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Олег Чернышов тұрғындар, көбінесе, шағымды ауызша жеткізетінін алға тартты. Жергілікті тұрғындар, яғни медициналық қызметтер тұтынушылары, арыз-шағымды ашық түрде жазбаша жеткізуге жасқанатын көрінеді. Себебі, олардың пайымдауынша, бұл әрекет алдағы уақытта олардың жақындары мен туыстарына әсер етуі ықтимал.