
Қазіргі таңда аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Дегенмен, қажетті дәрі-дәрмек қоры мен медицина мекемелерінде төсек орындар жеткілікті. Сондай-ақ, иммундық плазма дозаларының қажетті қоры жасақталған. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы айтты.Шығыс Қазақстан облысы коронавирус індетіне шалдыққандар саны бойынша елде көш бастап тұр. Дертке шалдыққандар саны күн санап артуда. Алайда, облыстық денсаулық сақта басқарамасы өкілдері алаңдауға негіз жоқ екендігін айтады. Өңірде дәрі-дәрмек қоры да, емделушілерге қажетті төсек-орын да жеткілікті дейді.Сондай-ақ, облыста коронавирус індеті анықталған тұрғындарға дәрі-дәрмек жеткізіп, медициналық көмек көрсететін 404 мобильді топ жұмыс істейді. Індет жұқтырған азаматтармен тікелей байланыста болатын дәрігерлер қорғаныш құралдарымен толық қамтылған.Аймақта иммундық плазма дозаларының қажетті қоры да жасақталуда. Бүгінгі таңда олардың саны 3000 астам. Дертке шалдыққан 181 науқасқа аталған плазма дозолары құйылып, шарапатын көруде. Ал инфекциялық ауруханаларда 146 жасанды өкпені желдету құрылғылары бар. Оған қоса 67 рентген аппараттары емделушілерге қызмет көрсетуде.