ШҰҒЫЛ! ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ Толығырақ

«COVID-19»: ИММУНИТЕТТІ НЫҒАЙТУ

14:21, 4 тамыз 2020

Соңғы кездері «COVID-19» инфекциясының емін таппай әбігерге түскен жұрт қарасы әлеуметтік желіде тарады. Тіпті естіген мәліметтері бойынша  өз бетімен ем қабылдай бастағандары да бар. Сонымен қатар, дәрілік препараттардан гөрі, табиғи антибиотиктерді құп көргендер саны күн санап артып келеді. Керек десеңіз, жалбыздан бастап, қымыз, кейіннен ақжелкектің тамырынан тұнба әзірлегендер де табылды. Шынымен де, табиғи антибиотиктердің инфекцияға оң әсері бар ма? Иммунитетті нығайтудың жолдарын арнайы маманнан сұрап білген едік. Дәрігерлер әлеуметтік желілерде тараған түрлі ақпарат көздеріне сенбей, әркімнің өз ағзасына құлақ асуына шақырады. Бойыңызда індеттің ешқандай белгілері байқалмаса, ПТР тестті және компьютерлік томографияны жасаудың еш қажеттігі жоқ. Ал табиғи антибиотиктер иммунитетіңізді нығайтуға септігін тигізбесе, індетпен күрес жүргізуде дәрменсіз.

Мамандар иммунитеті мықтыларға індет қауіп емес дейді. Індет әсіресе иммунитеті төмен, әлсіз адамдарға қауіпті. Өйткені, ағза әлсірегенде түрлі инфекцияны іліп алуға бейім келеді. Ал денсаулығы мықты және басқа да созылмалы ауруы жоқ науқастар бұл сырқаттан оңай айығады. Коронавирустың әзірге нақты емі болмағанымен, вирус жұқтырмаудың қамын жасаған жөн дейді дәрігерлер. Ал иммунитетті көтеру үшін ең бірінші күнделікті ас мәзіріңізде құнарлы тағамдар қоры мол болғаны абзал.  Дәрігерлер иммунитетті нығайту үшін дәруменге бай құнарлы тағамнан бөлек, ұйқы мен жан тыныштығы да қажет дейді. Егер сіз аз ұйықтап, көп жұмыс істеп, үнемі күйзелісте жүрсеңіз, дұрыс тамақтанғаныңыз зая кетеді. Сондықтан, уақтылы тынығып, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде болу маңызды.

Тақырып бойынша материалдар

ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
13:36, 20 қаңтар 2021
ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  «ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
13:38, 19 қаңтар 2021
«ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
Толығырақ...
ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
17:15, 19 қаңтар 2021
ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
Толығырақ...