ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

БАСТЫСЫ-АДАМ САУЛЫҒЫ

17:21, 2 шілде 2020

Еліміз екі апталық карантин тәртібіне көшеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында жазған болатын. Мемлекет басшысы: «Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспарын ұсынды» деген жазба қалдырған.  Мұндай әрекетті қоғам белсенділері мен дін қызметкерлері де қостап отыр. Себебі, адам денсаулығы басты назарда. Ал эпидахуал болса күннен-күнге нашарлап келеді. Төтенше жағдай алынғанмен шектеу шаралары әлі күшінде. Енді ол тек қатаңдатылмаса, босаңсымайды. Бүгін осы шара Мемлекеттік комиссиямен қаралып, нақтыланды. Сондықтан санитарлық талаптар қай жерде болсын бірінші орында.  Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.  Мұндай шешімді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы  Ермек Мұқатай да қолдайды. Әсіресе, көп адамның діни рәсімдерге жиналуын тыю керек деп отыр. Сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары қызметіне тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшу керек. Өскемен қалалық мәслихатының депутаты  Станислав Каримов та барлық шараларды қатаң сақтау керек дейді. Себебі, салғырттықтың соңы қиын жағдайға әкелуі мүмкін. Сәйкесінше, шектеу шаралары осы уақыт аралығы бойы күшінде. Алайда қабылданған шараның аяқталу мерзімі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
15:31, 7 тамыз 2020
МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар