ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ШҚО ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді

14:17, 16 қараша 2017

Алыс-алыс ауылдарда болса бір сәрі, облыс орталығы Өскеменнің өзінде 100-ге жуық маман жоқ.

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында  дәрігерлер жетіспеушілігін жою мәселесі басты тақырыптардың бірі ретінде қаралды.
Бос тұрған орындардың бәрі де жоғары білімді мамандарға тиесілі. Гинеколог пен невропатолог, пульмонолог пен анестезиолог-реаниматолог. Психиатрия мен диагностикалық зертханаға да өз ісінің білгірлері қажет. Ал әзірше ауры меңдеп, діңкесі құрыған науқастар тұрғылықты жерінде осы секілді салалық дәрігерді таппаған соң, амалсыз басқа жақтан іздеп сабылып жүр.
Саяси кеңесте қаралған индустриалды аймақты дамыту жайы дәрігерлер жағдайындай діңкелеп тұрған жоқ көрінеді. Бұған дейін құрылған облыс аумағындағы үш бірдей индустриалды аймақтың бойына бүгінде қан жүгірген. Өңірдің экономикалық әлеуетін арттыратын өндіріс ошақтары құрылып, қаржы да бөлінуде. Шетелдік компаниялармен келісім жасалып, тоқтап тұрған жобалар іске асу үшін жол табылған.
Бюро отырысында бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы да талқыланды. Бүгінгі кездесуде көзге түскен кемшіліктерді, келесі кездесуге дейін жою туралы бірқатар тапсырмалар жүктелді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
21:30, 23 тамыз 2017
Израильдік хирург шеберлік сыныбын өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар