ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

АҢСАҒАН СӘБИ

18:00, 3 қыркүйек 2020

Шығыс Қазақстанда сот арқылы некесін бұзатындардың 15-20 пайызына себеп – баланың болмауы. Айта кетейік, облыста бір мыңнан астам отбасылық жұп бала сүю бақытын ие бола алмай отыр. Ал Президент жолдауында айтылған 2021 жылы іске асатын «Аңсаған сәби» бағдарламасы талай шаңырақты сәбидің күлкісін толтырмақ.  Облстық Ана мен бала орталығында жылына 9000 сәби дүние есігін ашады. Олардың қатарында жасанды ұрықтандыру жолымен өмірге келгендер де бар. Бірақ, саусақпен санарлық.  Алғысымыз шексіз дейді дәрігер. Бір дәрігер емес Жолдауда айтылған жаңалық талай баласыз анаға үміт отын сыйлады. Президент жолдауында айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы жасанды ұрықтандыру саны жеті есеге артатын болады. Бүгінде әрбір қазақстандық алтыншы отбасы бала сүйе алмаса, ажырасатындардың 20 пайызына да себеп осы баласыздық. Бұл көрсеткіштің Шығыста да шекесі қызып тұрған жоқ. Талай шаңырақтың бақытына бедеуліктің кесірі тиіп тұр.  Ал Гүлшат Қасымханова өсмірге екінші сәбиін әкелген бақытты ана. Алла жазса балаларымның саны үштен кем болмаса деп армандайды. Ия, сәби сүю - ең үлкен бақыт. Баланың күлкісі мен ойыншықтың сылдырын естімеген отбасылар саны артып барады. Ал қайтсем де ана атанам деп жасанды ұрықтандырудың құнына да, ұзын сонар кезегіне де шыдап жүрген 600 отбасы бар шығыста. Облыстық денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша біраз бұрын жасы қырыққа таяғандар өтініш берсе, қазір жасы отызға жетпегендер жасанды ұрыққа зәру. Бедеулік дерті үлкенді қойып, жастардың өзін алқымдауда. Салдарынан отбасы тұрмақ, бүкіл бір Қазақстанның демографиялық жағдайы Орта Азия ішінде кенжелеп тұр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар