ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ДЕНСАУЛЫҚ КОДЕКСІ Толығырақ

19 БАЛАҒА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ

21:41, 7 қыркүйек 2017

Балаларда кездесетін көмей тарылуы ауруын енді отандық дәрігелер хирургиялық жолмен елде-ақ емдей алады.

Италияның атақты профессоры Роберто Пукседу «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығында қазақстандық дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Иновациялық технологияларды қолдану арқылы 4 күн бойы кезекте тұрған 19 балаға күрделі операция жасалады. Бұған дейін науқастар ауруды тек шетелдерде емдеп келген болатын. Отаның құны 25 мың еуроға дейін жетеді. Ал Қазақстанда  ем бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Көмей тарылуын емдейтін операция тек «Ана мен бала» орталығында жасалады. Биыл 10 жылдығын атап өтетін ғылыми мекеме үшін бұл кезекті жетістіктерінің бірі.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар