ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

Шырайлы шығыстан — атағы асқақ Астанаға

21:33, 26 шілде 2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған Шығыс Қазақстан облысының күндері өз мәресіне жетті.

Астаналықтар мен қала қонақтары тарихи, мәдени, спорттық шаралардың куәсі болып, шығыс жұртының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Шығыс Қазақстан облысының күндері Этноауылдағы көрмелермен шектеліп қалмады. Күн сайын «Бәйтерек» монументінің алаңы мен Жастар саябағында Шығыс Қазақстан облысынан шыққан Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен ойын-сауық іс-шаралары өтті. Ал кеше ШҚО облысының күндері «ЭКСПО-2017» кешеніндегі амфитеатрда «Шырайлы Шығыстан - атағы асқақ Астанаға» атты гала-концертімен қорытындыланды.  Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева әйгілі  «Балдәурен», «Арман-ай» әндерін шырқады. Сонымен қатар жастардың сүйікті орындаушысы Әли Оқапов,  Шығыс Қазақстанның үздік шығармашылық ұжымдары ән-мен күйден шашу шашты.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...