EXPO-2017 – «Қазақстан» брендін қалыптастырудың тиімді тәсілі

Бүгін тарихи шара саналатын EXPO-2017 көрмесінің әлемге есігін айқара ашқанына 34 күн болды.

21:41, 13 шілде 2017   87

Көрмеге күнделікті ағылатын жұрт саны жаһандық спорт додаларына жиналатын халықтан кем емес. EXPO – бүкіләлемдік бірегей көрме, оны тамашалауға келген әр мейман жасыл экономика, заманауи технологиялар мен инновациялық жетістіктер куәсі болуда.

Алғаш Бүкіләлемдік «ЭКСПО» көрмесі 1851 жылы Лондонда өткен болатын. Содан бері жер шары халқы өнертапқыштардың өнеркәсіп, экономика, технология салаларындағы жетістіктерімен танысып келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу мен адамзат тіршілігін, күнделікті тұрмысты жеңілдететін тың туындылар мекені. Бұл алаңда әр ел - көрмеге келген миллиондаған туристерге өзіндік мәдени, рухани, салт-дәстүр ерекшеліктерін де көрсетуге мүмкіндік алады.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24