«ЭКСПО-2017» көрмесін жармалық оқушылар да барып тамашалауда

21:56, 8 тамыз 2017

Ауданның өз қазынасынан бөлінген қаржыға алғаш барған 160 оқушы – тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары.

Еліміздің бас қаласы - Астанадағы көрмені көруге барған олардың алған әсерлері аз емес екен. Түрлі елден болашақтың жасыл энергиясы мен ғалымдардың соңғы жасаған техникаларын тамашалағандарын айтып, әңгімелерін тауыса алмай жүр.

Осы жолы Астанаға аудан орталығынан тағы да 224 бала аттанды. Олар дарынды оқушылар. Сабақта үздік, түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...