«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ АЯҚТАЛДЫ

21:08, 11 қыркүйек 2017

Жылдың басты оқиғасы, 3 айға созылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі осымен аяқталды.

Халықаралық шараның жабылуына Түркия, Иран,Пәкістан сынды 15 мемлекеттің Үкімет басшылары қатысты. Салтанатты шараның аяқталу кешіне  370 шетелдік бұқаралық ақрпарат құралда өкілі келіп, хабар таратты.

Жабылу рәсімінде мультимедиялық шоу ұйымдастырылып, «болашақтың энергиясына» қатысты бірнеше жоба таныстырылды. Сонымен қатар, «Адам қуаты» деп аталатын ерекше акция ұйымдастырылды. Онда Елбасыдан бастап қонақтар қол ұстасып, бір-біріне қуат беріп, «Нұр Әлемге» жарық сыйлады. Бұл тізбек 2 232 адамнан құралды. Себебі, ЭКСПО көрмесі де 2 232 сағатқа жалғасқан екен. Жалпы, 3 ай бойы, көрмеге әлемнің 178 мемлекетінен 4 миллионға жуық адам келген. Осы уақытта, 3 жарым мың мәдени шара ұйымдастырылып, 33 мыңдай әртіс өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесінде адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелген 153 жаңа өнертабыс таныстырылған. Айта кетейік, ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі маусымның 10-да басталған. Көрмеге 112 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, «Болашақтың энергиясы» тақырыбында 130-дан астам экспозиция ұсынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАМАЛЫ ҚУАТ КӨЗІН ЖАНДАНДЫРУ –  ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖОЯДЫ
21:08, 7 қыркүйек 2017
БАЛАМАЛЫ ҚУАТ КӨЗІН ЖАНДАНДЫРУ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТАПШЫЛЫҚТЫ Ж...
Толығырақ...
Баламалы энергия — болашақтың энергиясы
21:07, 23 тамыз 2017
Баламалы энергия — болашақтың энергиясы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
15:50, 19 қыркүйек 2017
Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
Толығырақ...
51 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
13:13, 15 қыркүйек 2017
51 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Толығырақ...
ШҚО МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
21:32, 14 қыркүйек 2017
ШҚО МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...