Екі миллионнан астам адам Астанадағы көрмеде болып қайтты

Күн санап елордаға бас сұғатын шығысқазақстандықтар қатары артып келеді. Олар өз көздерімен болашақтың іргетасының қалай қаланып жатқандығын көруге аттануда.

21:26, 9 тамыз 2017   82

«ЭКСПО-2017» Тәуелсіз қазақ елі атқарған ауқымды  жобалардың бірі. Сондай-ақ, мемлекет өміріндегі ең таңғажайып оқиға. «ЭКСПО-2017» Қазақстанға биогаз негізіндегі жаңа энергетиканы, таза көмірді, мұнайлы химияны дамытуға септігін тигізеді. Көрмеде жер жүзінің 115 мемлекеті ұсынған жасыл экология саласындағы жетістіктері қойылған. Күн сайын халықаралық көрмені тамашалауға асығатын жұрт қарасы қалыңдап келеді. 10 маусымнан бері жетістіктер ордасына 2 миллионнан астам адам барып қайтты. Астана қазір шетелдік туристер шоғырына айналды. Қазақстандықтар көрмеге баруды парыз санайды. Халықаралық мамандандырылған көрмеден алған әсерімен Өскемен тұрғыны Айжан Жапарова да бөлісті.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24