БАЛАМАЛЫ ҚУАТ КӨЗІН ЖАНДАНДЫРУ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖОЯДЫ

21:08, 7 қыркүйек 2017

Адамзат баласын алаңдатқан мәселенің бірі – энергетикалық тапшылық.

Уақыт өткен сайын қарқынды дамыған экономика үшін энергия өндіру сұранысы артуда. Сондықтан да әлем елдері баламалы қуат көзін жандандыру – тығырықтан шығар жол деп біледі. Осы маңызды мәселенің шешу жолдарын  Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде көруге болады. «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтіп жатқан шараның аяқталуына бірер күн  қалды. Соған қарамастан көрмені тамашалауға асығатын халық саны әлі де тыйылар емес.   
28 тамыздан 3 қыркүйекке дейін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін 398 341 адам, яғни орта есеппен алғанда, күніне 56 905 адам көріп шықты. Рекордтық сан 3 қыркүйекте тіркелген: көрмеге 75 мың адам келді. Ресми сайттан алынған мағлұматтарға сүйенсек, жалпы көрмені 3 жарым млн. астам адам тамашалапты. Қазақстандықтармен, ел қонақтарын қызықтырған  халықаралық павильондар арасында Мысыр, Африка Плазасы, Түркия павильондары көш бастап тұр. Ал ең көп тамашаланатын нысандар қатарында «Нұр-Әлем»,  Коммерциялық павильондар,  «Шелл» балалар лабораториясы, балалар саябағы  және Дю Солей Циркі бар. Көрменің соңғы күндерін пайдалынып ЭКСПО-ға барып келгендердің бірі  өскемендік Арман Қалижаров - алған әсерімен бөлісті.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар