ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ 19 ШАҒЫН АУДАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ЗИЯТКЕРЛІК КВЕСТ

17:33, 13 қазан 2020

Облыс орталығындағы жастар қозғалысының жетекшілері Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырушылар қатысушылар жаяу жүріп өтетін ерекше квест жолын жасады.  Зияткерлік ойын тапсырмалары тарихи орындар мен көрікті жерлер, белгілі адамдар туралы ақпараттарды топтастырды. Қатысушылар 8 топқа бөлінді. Ойын барысында жастар тапқырлықтары мен ептіліктерінің арқасында түрлі тапсырмаларды орындады. Әрбір шешілген ребус пен логикалық сұрақтардың дұрыс жауаптары үшін балл берілді. Квест тапсырмалары Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуына, Өскемен тарихы мен Абай Құнанбаевтың шығармашылық жолына қатысты сұрақтардан құралды. Командалық жұмыс қатысушылары локацияларды іздеп тауып, келесі кезеңге өтті. Туған қалаларының көшелері ойын алаңының көркіне айналып, басқаша көзқарас қалыптастырды. Құпия орындарды тауып алған қатысушылар мәреге – Достық үйіне қайтып оралды. Үш команда жеңімпаз атанды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар