ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖЫЛДАР БОЙЫ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН МЕКТЕП ЖАҢАРДЫ

17:49, 4 қыркүйек 2020

Глубокое ауданындағы Малоубинка орта мектебі де биыл мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өтті. Тесік төбе бүтінделіп, жылда жел үрлейтін терезелер мен еден жаңарды. Шағын ауыл тұрғындары үшін бұл зор қуаныш. Малоубинка мектебін жөндеу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 18 млн. 370 мың теңге бөлінген. Бұл қаражатқа білім нысанының бас проблемасына айналған бірқатар мәселелері шешімін тапты. Мектеп ұжымы төбенің жөнделгенін асыға күткен-ді. 20 жылдан бері жаңармаған шатырдан жаңбырлы күні су кетіп, әбігерге салатын. Мектеп 1987 жылы салынған. Еден ескіріп, терезенің тозығы жететін уақыт болды. Ал биыл барлығы жаңарды. Еден керама граниттен төселді. Өрт сөндірушілердің ұсынысы бойынша балалар қауіпсіздігі ескеріле отырып, осындай материал қолдануға шешім қабылданды. Қазір оқушылар саны – 114. 12-сі мектеп алды даярлық тобының бөбегі. Іргедегі шағын 2 ауылдың да балалары Малоубинка мектебіне келіп білім алады. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы жаңарған мектеп барлығы үшін үлкен сыйлық болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар