ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАСЫЛ ҮЙІ

14:11, 15 қыркүйек 2020

Қала күніне орай өскемендіктерге тарту ретінде бірқатар әлеуметтік нысандар есігін айқара ашты. Олардың көпшілігі «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңғыртылып, жөндеуден өткен. Бұл жобаларды іске асыруға 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысандар халық игілігіне берілуі тиіс. Облыс орталығында 2 жеке меншік балабақша ашылды. Оның бірі 100 орынға, ал екіншісі 75 орынға арналған. 100 орындық балабақша мемлекет тапсырысы негізінде ерекше балаларға қызмет көрсетеді. Мұнда бүлдіршіндермен дефектолог, психолог, логопед мамандар жұмыс істейді. Қала әкімінің айтуынша, бүгінде Өскемен бойынша 1 жастан асқан балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 76%. Сондықтан балғындардың білімін арттырып, қабілетін шыңдайтын орындарын ашудың қажеттілігі әлі де бар. Екінші жеке меншік балабақша Ахмер кентінде орналасқан. 

Бұдан кейін шаһар басшысы бастаған топ Назарбаев даңғылы бойындағы аббаттандыру жұмыстарымен танысты.Қаланың көркін ашып, әрі кішкентайларға қуаныш сыйлайтын 55 балалар ойын алаңы салынды. Олардың 10-ы 19 шағынауданда, ал қалғаны қала ішінде. Көпшілік келетін демалыс орындарын жаңартумен қоса, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қолға алынған жобалар да аяқталуға шақ қалған.Сонымен қатар мәдени-танымдық шараларға да мән беріліп отыр. Бұл бағытта тұрғындардың экологиялық сауатын ашып, қоршаған ортаны қорғаудың жолын түсіндіру үшін ескі кітапхана ғимараты жаңартылды.  Белгілі өлкетанушы, ғалым Борис Щербаков атындағы «Жасыл үй» болып қайта ашылды. Кітапхананың жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны ерекше. Мұнда шет тілдері мен орыс, қазақ тілдерінде жарық көрген 43 мыңнан астам кітап бар. Қала әкімінің айтуынша, көркейту, абаттандыру жұмыстары жалғасады, шаһар шетіндегі көшелер жарықтандырылады.

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:05, 18 қыркүйек 2020
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар