ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жазғы демалыстың берер жақсылығы көп

21:49, 15 тамыз 2017

Биылғы жылғы жазда облыс аумағында жұмыс істеген 900-ге тарта сауықтыру лагерлерінде 155 мыңнан астам мектеп оқушысы демалды.

Бірінші сыныптан 10-сыныпқа дейінгі бұл шәкірттер тек таза ауада тынығып қойған жоқ, көрікті жерлерді де аралады. Тарихи-мәдени және рухани мекендерге барып, ел тарихымен танысты. Ал облыстық білім басқармасының «Дарын» орталығының демалыс базасында 2 мыңдай бала демалыпты. Бұл облыстық білім басқармасының «Дарын»  орталығының демалыс базасы. Ала жаздай мектеп оқушыларының жақсы тынығулары үшін қызмет жасады. Алты ауысымда 350 баладан кезек-кезек келіп, екі апта уақыттан жүріп қайтты. Келгендер тек серуен құрып жүрмеді. Түрлі үйірмелерге қатысты. Би өнеріне бейімділері арнайы оқытушылардан сабақ алды. Компьютерлік білімдерін шыңдады. Тіпті құлтемір құрастырып үйренгендері де бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
21:49, 29 тамыз 2017
ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
21:28, 22 тамыз 2017
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
21:19, 16 тамыз 2017
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар