ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

13:59, 16 қыркүйек 2020

Президент «ғылым саласының дамуына баса мән беруіміз керек» деді. Осы ретте  машина жасау, энергетика салаларындағы инновациялық жобаларды ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделеу жолға қойылып келеді. Әсіресе, облысымыздағы ғалымдардың еңбегі ерен. Трибология деген Қазақстанда кенже қалған сала бар. Бұл қатты денелердің қажалуы нәтижесінде болатын құбылыстарды зерттеуге бағытталған ғылым. Кенже қалған ғылым бағытын дамытуды шығысқазақстандық ғалымдар қолға алды.  Ірі инновациялық жобаларды жүзеге асырып жатқан мамандармен тілшіміз тілдесіп қайтты. Өскеменде екі жылдан бері жергілікті университет базасында «Беттік инженерия және трибология» ғылыми зерттеу орталығы жұмыс істейді. Бұл шағын ғана зертхана, алайда атқарып жатқан жобалары ауқымды, бірегей. Мұндай орталықтар еліміз бойынша некен-саяқ.

Ғалымдар машина жасау саласына арналған тозуға төзімді материалдарды шығарудың инновациялық технологияларын зерттеу және әзірлеу тақырыбы бойынша ғылым комитеті тарапынан грант ұтып алды. Үш жылға арналған жобаның құны – 266 млн теңге. Ғылыми орталықта тер төгіп жатқан ғалымдар – кілең жастар. Жастық жалынды еңбекпен ұштастырған олар отандық ғылымға тың серпіліс әкелеріне бек сенімді. Бөлінген грант арқылы орталық озық аппараттарды сатып алып, зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастыруға  қол жеткізді. Ауылшаруашылық саласына арналған техникалар агресивті орталарда жұмыс істегендіктен ғұмыры мен өнімділігі қысқа келеді. Осы проблемаға бас қатырған ғалымдар тозуға, коррозияға төзімді материалдарды алып, бір күнде желініп кететін құралдардың ғұмырын ұзартуды көздейді. Бұл технологияны тек ауылшаруашылығы саласына ғана емес, машина жасау өндірісінде де ұтымды пайдалануға болады. Зертханада алынатын жабындылар беріктігі жағынан екі есе төзімді келеді.

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:05, 18 қыркүйек 2020
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар