ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ЖАС ТЕХНИКТЕР СТАНЦИЯСЫ

14:19, 1 қыркүйек 2020

Өскеменде Жас техниктер станциясы жаңғыртылудан кейін пайдалануға берілді. Жақын арада оқушылар заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған оқу кабинеттерінде білім алатын болады. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 177 млн.теңге. Жаңа кейіпке енген ғимараттың кабинеттері соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Мұнда білімге құштар жеткіншектер бағдарламалау тілінен бастап, модельдеу, дизайн сынды бағыттардың қыр-сырын меңгереді. Жас техниктер станциясында бүгінде 6 мен 18 жас аралығындағы 716 жеткіншек білім алады. Мұнда баланы бағдарламалау негіздеріне оқыту мектепке дейінгі жастан басталады. Айта кеткен жөн цифрлық технологияларды ерте оқытудың мұндай әдістемесі елде алғаш рет қолданылуда. 3 D модельдеу және бағдарламалау бағытындағы сабақтар мектеп оқушыларына жаңа мүмкіндіктер береді. Осы аптада жаңғыртылудан өткен Жас техниктер станциясы өз жұмысын бастайды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар