ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП

14:20, 2 қыркүйек 2020

Глубокое ауданының Белокаменка ауылының балалары биылғы оқу жылын жаңарған мектепте қарсы алмақ. Салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмеген білім ошағы биыл қайта түледі. Ескі ағаш едендер мен тозығы жеткен есік-терезелер ауыстырылды. Осынау игі іс «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қолға алынды. Белокаменка – шағын ғана елді-мекен. Мұндағы мектеп тоғызыншы сыныпқа дейін білім береді. Оқушылардың жалпы саны – 82. Тағы 16 бала мектеп қабырғасындағы шағын орталыққа барады. Биылғы оқу жылында ұжым мен оқушыларды күткен басты жаңалық – мектептің жаңаруы. Өзгеріс ауыз толтырып айтарлық. Мектеп директоры Ирина Шапошникова білім нысанының қайта түлеуі үлкен қуаныш екенін айтады. Мектептің күрделі жөндеуіне биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 млн. теңге қаражат қарастырылған. Бөлінген ақша толықтай игеріліп, жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Ескі ағаш еденнің орны жөнделіп, терезелері пластикке алмастырылды. Жаңарған есіктер де мектептің ішкі келбетін аша түскен. Белокаменка орта мектебі шағын болғандықтан биылғы оқу жылында штатты режимде жұмыс істейді. Педагогтардың санитарлық талаптарға сай оқытуда қолданатын арнайы алгоритмдері де дайын. Иә, шағын ауыл жұрты үшін бұл мектеп рухани орын саналады. Айналасы баққа көмкерілген жаңарған мектеп енді «эстетикалық орталыққа айналды» деп, педагогтар дән риза.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар