ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

16:59, 4 тамыз 2020

Жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалды. Ағымдағы жылдың соңғы тоқсанын қашықтықтан оқу оқушылар мен олардың мұғалімдері үшін ауыр сынақ болды.  Ал, қыркүейек айынан бастап білім жүйесінде қандай өзгерістер орын алмақ?  Бұл сұрақтарға Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

Әйтсе де, 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау  үні  қазақстандық оқушылар үшін соғылады. Рас, әдеттегідей, мектеп ауласында емес, бейнеконференция форматында өтпек. Жаңа оқу жылы штаттық режимде - 157 мың оқушы үшін басталады. Бұл ауылдық аудандардағы шағын мектептердің балалары. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша дәстүрлі форматта болмақ. Бірақ қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып оқи алады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім және ғылым министрі бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылатынын айтқан еді. Асхат Аймағамбетов атап өткендей, кезекші сыныптарда 15 адамнан артық жиналуға болмайды.  Сондай-ақ, салалық ведомство басшысы кезекші сыныптарға өтініш электронды түрде қабылданатынын айтты. Ал, қалған оқушылар қашықтықтан білім алуды жалғастырмақ.

Алайда, қашықтықтан оқытудың кері тұстары да байқалуда. Асхат Аймағамбетов 180 мыңнан астам қазақстандық оқушының компьютерлері жоқ екенін де атап өтті. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларда техника тапшылығы қатты сезіледі. Қашықтықтан білім беру мәселесін шешу үшін үкімет оқу жылы басталғанға дейін 500 мыңнан астам баланы компьютерлік техникамен қамтамасыз етпек. Сондай – ақ, телеарналардағы сабақтарға келетін болсақ, олар күніне 9 сағаттан AL-FARABI және ELARNA телеарналарында көрсетілетін болады. Қазіргі таңда алты мыңнан астам эпизод түсірілуде, - деп нақтылады Білім және ғылым министрлігінің басшысы. Өз кезегінде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Оның айтуынша, оқытудың барлық әдіснамасын пысықтау, балалар, ата-аналар мен педагогтар арасында үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды

ШҚО - да жазғы каникул кезінде мұғалімдерді оқытуға кірісіп кеткен. Өңір педагогтары үшін "Қашықтықтан оқытудың тәсілдері мен құралдары" атты қысқа мерзімді 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Отырыс соңында Үкімет басшысы Асқар Мамин цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен және операторлармен бірлесіп, білім беру ресурстары жұмысының қолжетімділігі мен тұрақтылығын, елді мекендердегі интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:05, 18 қыркүйек 2020
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар