ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

14:28, 30 қыркүйек 2020

Шығысқазақстандық биолог ғалымдар вирусқа төтеп беретін картоптың жаңа тұқымдарын сынақтан сәтті өткізді. Алынған үздік сұрыптар біздің өңірдің климатына бейімделген, күн райының құбылмалығына шыдамды. Сонымен қатар, түрлі вирустық ауруларға төтеп бере алады. «Сынақтан өткен картоптардың осынау сұрыптары 7-8 жыл бойы сау күйінде өсіп, шіріксіз сақталады» дейді ғалымдар. Осынау шағын пробиркаларда сіз бен біз сүйіп жейтін картоптың тұқымдары ғалымдардың жіті бақылауында өсіп келеді. Әрқайсысы дара. Биологтар әр жапырақтың  саулығын қадағалап, уақ-уақ тексеріп отырады. Тіпті, мінездеріне сай аттары да бар. Биология және өсімдіктердің биотехнологиясы зертханасында картоптың 90-ға жуық тұқымы пробиркаларда өсірілуде. Жақсы нәтиже алу үшін бір емес, бірнеше жыл тер төгілуі тиіс.

Ғалымдардың тынымсыз тірлігі биыл жақсы нәтиже берді. Үш жыл бойы бақыланған картоп сұрыптары сынақтан сүрінбей өтті, биологтар дән риза. Әлгі пробиркаларда тірнектеп өсірілген картоптар егістік алқабына бірнеше жыл қатарынан егілді. Биыл тәжірибе Глубокое ауданында жүргізілген. Осы жазда топырақ тұқымға ауыр тиген көрінеді. Дегенмен, егілген 37 сорттың бесеуі үздік нәтиже көрсетті. Картоп тұқымдарының арасында да бәсеке бар. Ғалымдар өз тілінде «байқаулы сорт» деп атайтын бірнеше сұрып өзара сайысады. Осы сынақтан сүрінбеген сорттарды ғалымдар бақылап, өңірге, тіпті ауданға сәйкес келетінін таңдап алады. Шығыстың климаты шұғыл континентальді. Оның үстіне биылғы аптап ыстық та өсімдікке өз әсерін тигізбей қоймады. Ал жаңа сұрыптар күн райына шыдамды. Вирустарға төтеп береді. Тәжірибеден өткен бес сұрып алдағы 7-8 жыл бойы еш аурусыз, сау күйінде өнім береді. Әрі қыс бойы сақталған кезде шірімейді. Алдағы уақытта ғалымдар заманауи молекулярлы биологиялық әдіспен антивирустық вакцина егуді жалғастырмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...