ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ОНОМАСТИКА-ЕЛ АЙНАСЫ

14:22, 21 қыркүйек 2020

Жеріңнің аты – еліңнің хаты. Өскеменде ономастика саласы мамандарының басын қосқан «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты байқау өтті. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы онлайн режимде ұйымдастырған шараның мақсаты - ономастикаға қатысты заңнамалық актілерді жандандыру, осы саладағы мәселелерді жүйелеп, біріздендіру және ономастика мәселесімен айналысатын мамандарды ынталандыру. Шараға өңірдің аудан, қалаларында ономастика мәселесімен айналысатын мамандардан құралған командалар қатысты. Қазылар алқасының құрамында болған  тарихшы Жаннета Қалимолдина 7 жылдан астам уақыт бойы ономастика, оның ішінде топонимиканы зерттеп жүрген ғалымдардың бірі. Ғалым жер-су атауларының шығу тарихына бей-жай қарамай, баса мән беруіміз керек деп есептейді. Қатысушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындады. Жеңімпаздар басқарманың арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...