ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ҰБТ ТАПСЫРУ ТАЛАПТАРЫ

10:50, 29 маусым 2020

Биыл Ұлттық Бірыңғай тест тапсыру талаптарына қатаң өзгерістер енгізілді. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы  бойынша департамент қызметкерлері Ұлтттық Бірыңғай тестілеуге қатысқан еді. Нәтижесінде, тыйым салынған құрылғыларды пайдаланғаны үшін 50-ден астам үміткер аудиториядан шығарылып, сынақ нәтижелері жойылған. Толығырақ келесі сюжетте. Биыл облыс  бойынша Ұлттық Бірыңғай тестілеу  тапсыру мерзімі 21 маусым - 5 шілде уақыты аралығында өтеді. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы  бойынша департамент мамандары  тестілеуге бақылаушы ретінде қатысуда. Қазіргі уақытта  тестілеуге өтінім берген үміткерлердің жартысына жуығы тестілеуден өтті. Аудиторияға кірер алдында  әрбір үміткерге  техникалық құрылғыларды пайдалану мен тест кітапшаларында берілген тапсырмаларды көшіріп жазып, болмаса фотоға түсіріп  алып шығуға болмайтындығы туралы қатаң ескерту жасалған. Заңға сәйкес, қатаң талаптар қойылған. Басты мақсат – бәсекелестікке қабілетті, өз біліміне ғана сенетіндер  қатарын анықтау. Биылғы тестілеудің оңды  өзгерістері ретінде тестілеу уақытының  ұзартылғанын, калькулятор пайдалануға болатынын айтуға болады. Сонымен қоса, 4-ші тоқсан материалдары енгізілмеген. Бүгінде облыстың 10 ауданында тестілеу толығымен аяқталды. ҰБТ қорытындысы бойынша толық ақпарат шілде айының басында белгілі болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар