ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

ҰБТ 20 маусымда басталады

16:55, 21 мамыр 2020

Оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Демек алда түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр, сәйкесінше оқушылар уайымы арта түскені жасырын емес. «Енгізілген шектеулер мен қашықтықтан оқытуға көшу сынаққа қандай әсерін береді» деген сауал түлектер мен ата-аналар көкейіндегі маңызды мәселе. Биылғы тестілеу қалай өткізіледі және оны өткізу форматында өзгерістер күтіле ме?

Биыл ҰБТ жылдағы формат бойынша өткізіледі. Тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптар  сақталады. Егер өткен жылдары бір аудиториядағы талапкерлер саны жүзден асса, ағымдағы жылы ол көрсеткіш 50% - ға қысқартылатын болады. Түлектер арасындағы қашықтық 2-3 метрді құрамақ. ҰБТ әдеттегі форматта өтетініне қарамастан, оқушыларға тыйым салынған заттарды қолдануға қатысты талап күшейтілді. Бұрын талапкерден телефон табылса, ол тестті одан әрі жалғастыруға құқылы болатын. Ал биылғы сынақта тыйым салынған заттар табылған жағдайда, түлек келесі жылға дейін тест тапсыруға жіберілмейді. Мамандар аттестацияның бұл түрі мектеп бітірушінің білімін объективті көрсетуге, мектеп жұмысын әділ бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан он бірінші сынып оқушылары маңызды қорытынды емтиханға дайындықты үдетті. Санаулы күндерден соң мектеп қабырғасымен қоштасқалы жүрген көп түлектің бірі - Әйгерім Арғынғазина. ҰБТ-әрбір түлектің өміріндегі маңызды кезең деп санайды. Сынақтан сүрінбей өтуге итермелейтін - асыл арманы. Оқушы медицина университетіне түсуге ниетті. Ел көлемінде ҰБТ маусымның 20-сы мен шілде айының 5-і аралығында өтеді. Әзірге мектеп бітірушілер сынақты тест нұсқасында өтіп, білімін сынауға мүмкіндік бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар