
Бұл қалалар мен аудандарда бала денсаулығын жақсарту мен жазғы демалыс кезінде балдырғандардың бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған қаржыландырудың көбеюінің арқасында мүмкін болмақ.
Маусымнан бастап тамыз айына дейін өңірде 889 лагерь мен алаңдар жұмыс істейтін болады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, Өскемен қаласы, Үржар мен Күршім аудандарының тілдік лагерлері балаларды қабылдайды. Лагерьлері жоқ аудандарда, оларды салу қажет, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов. Атап өтейік, қазір облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, балалар туризмін насихаттау бойынша бағытта жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, он төрт жарымға жуық оқушы Елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалайтын болады.