ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Педагогтар конференциясы

21:07, 16 тамыз 2017

Назарбаев Зияткерлік мектебінде 1,2,5,7 сынып ұстаздарының секциялық отырысы өтті.

Шығыс Қазақстанның бір жарым мыңға жуық оқытушысы облыс орталығында білім беру жүйесінің жаңа әдістерімен танысу үшін бас қосты.

Биылғы жылғы конференция «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білім беру саласының үлесі» тақырыбына арналды. 2017-2018 жаңа оқу жылынан бастап жалпы орта білім беретін 1,2,5,7 сынып ұстаздары  оқушыларды білім берудің жаңартылған форматымен оқытпақ. Конференцияда оқытушылар білім берудегі жаңа тәсілдерді үйреніп, инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесі мен жаңа форматтағы заманауи сабақтарды ұйымдастыруда кездесуі мүмкін маңызды проблемаларды талқылады. Бұл жаңашылдық оқушылардың тапсырмаларды өздігінен орындай алатындай ұстаздарға сабақты ыңғайлы етіп өткізу мақсатында құрастырылған. Сонымен қатар, тілдерді оқыту  тыңдау, сөйлеу, оқу мен жазуды дамыту арқылы, яғни,  коммуникативті тұрғыда жүзеге аспақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
21:49, 29 тамыз 2017
ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
21:28, 22 тамыз 2017
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
21:19, 16 тамыз 2017
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар