ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОНЛАЙН ОҚУ

14:37, 3 қыркүйек 2020

Биыл өңірдегі мектептердің жартысына жуығы жоғары сынып оқушыларын онлайн оқытуда. Тек шалғай ауылдардағы шағын мектептер жаңа оқу маусымын штаттық режимде бастады. Коронавирус инфекциясына байланысты биылғы оқу жылына көп өзгерістер енгізілген еді. Иә, жаңа оқу жылының басталғанына міне үшінші күн. Білім ошақтары дағдыланып та қалғандай. Белгіленген жаңа тәртіпке сәйкес, балалар тек бір кабинетте оқуда, үзілістері әр түрлі уақытта, кіре берісте дене қызуы өлшенеді. Сонымен қатар,  ауаны жиі тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау режимі де күшейтілген. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі, бала саны 10-15  аспайтын шағын топтар жасақталған. 1 – 4 сынып аралығындағылар мектеп қабырғасында білім алса, 5 – 11 сынып оқушылары  қашықтан оқытылады. Сынып сағаты, ата – аналар жиналысы және басқа да басқосулар алдағы уақытта онлайн режимде өтеді. Әзірге асханалар өз жұмысын бастаған жоқ. Дене шынықтыру сабақтары ашық алаңда өтуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар