ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОНЛАЙН ФОРМАТТЫ ОҚУ ЖЫЛЫ

17:18, 1 қыркүйек 2020

Бүгін елімізде жаңа оқу жылы басталды. Жаңа оқу жылының жаңашылдықтары қандай? Сөмкесін арқалаған оқушылар жаңа оқу жылын қалай қарсы алды?

Биылғы оқу жылы былтырғыдан өзгерек. Өйткені алғаш рет жаңа оқу жылы онлайн форматта басталды. Тек кезекші сыныптарда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау дәстүрлі түрде өткізілді. Мысалы, О. Бөкей атындағы нөмірі 44 мектеп-лицейінде 22 кезекші сынып құрылған. Онда 309 бала білім алады. Бірінші сыныптардан сегіз топ болса, сегізі сегіз түрлі уақытта келіп, алғашқы сабақтарын өткізді. Әр сыныпта бала саны 15-тен аспайды. Оқушылар мен мұғалімдер барлық санитарлық талаптарды сақтауға міндетті. Мектеп табалдырығында оқушылар мен мұғалімдердің дене қызуы өлшенді. Температураның жоғарылауы және ауру белгілері байқалмаса, бірінші сынып оқушыларына алғашқы сабақтарына кіруге рұқсат етілді. Ал 2-11 сынып оқушылары сынып сағаттарын онлайн түрде өткізді. Ол үшін арнайы платформалардың көмегі көп тиді. Айта кету керек, ата-аналар балаларды сабақ басталар алдында алып келіп, сабақ аяқталған соң алып кетуі тиіс. Оқушылардың санитарлық нормаларды сақтауын мұғалімдер қадағалайтын болады. Ал ата-аналар мүмкіндігінше балаға қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты жеткізуі керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар