ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ТЕСТІЛЕУ

14:46, 2 қыркүйек 2020

Биыл алғаш рет магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу электронды форматта өткізілуде. Талапкерлер аймақтық тестілеу орталығының базасында дербес компьтерді пайдалану арқылы тест тапсырады. Осы жылы өңірде 990 талапкер тестілеуге қатысуға  онлайн түрде өтініш білдірген. Бүгінгі күні 587-і адам емтихан тапсырды. Тамыздың 17-інде басталған тестілеу айдың 31-і дейін жалғасады. Айта кету керек, тестілеу барысын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының мамандары бақылауда. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу форматына бірқатар өзгерістер енгізілді. Білім және ғылым министрлігінің шешімімен биыл алғаш рет тестілеу «UStudy» аймақтық тестілеу орталығында электронды жүйе бойынша өткізілуде. Сынақ барысы қатаң бақылауға алынған. Әр талапкердің жұмыс үстелінде бейнебақылау камерасы орнатылған. Орталық мамандарының айтуынша, тестілеуге қатысу үшін талапкерлер онлайн түрде тіркеліп, сынақ тапсыру уақытын өздері анықтай алады. Бүгінгі күні 990 адам өтініш білдірген. Талапкерлер екі ауысымда емтихан тапсыруда. Кешенді тестілеудің өту барысы арнайы комиссия бақылауында. Түсірілім барысында сынақ ережесін бұзған бір жағдайға куә болдық. Ұялы телефон пайдаланған талапкер бірден тест залынан шығарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының айтуынша, жалпы тестілеу  басталғалы бері Семей қаласында 11 талапкер ереже бұзғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Облыс бойынша мұндай 27 факті анықталған. Электронды форматта өткізіліп жатқан тестілеудің бір артықшылығы тестке қатысушылардың жауап нұсқаларын өзгертуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тест нәтижелерімен келіспейтіндер электронды түрде апелляцияға бере алады.  Онлайн-апелляция тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде берілуі тиіс. Талапкерлердің шағымдары тест тапсырғаннан кейін 3-5 күн ішінде қаралады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар