ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МҰҒАЛІМ ЖҰМЫСЫН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

14:29, 2 қыркүйек 2020

Білім беру ұйымдары жазғы демалыс уақытында тыным таппай, жаңа оқу жылына әзірленді. 2020-2021 оқу жылындағы оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан. Биыл олардың жартысынан астамы қашықтықтан білім алады. Жаңа оқу жылын мектеп оқушылары қашықтықтан оқумен бастайтындықтан, ұстаздар жұмысын жеңілдету мақсатында сандық білім контенті дайындалды. Ұстаздарға көмекші құрал сандық білім контенті 1200 сабақтан тұрады. Оның ішіндегі 300-ден астам бейнесабақ білікті ұстаздардың ат салысуымен, облыстық білім басқармасы мен Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесіп түсірілген. Білім саласындағы ауқымды жобаға интерактивті панельдерден бастап, «Hand Animation» бағдарламасы қолданылған. Бейнесабақтардың барлығы бүгінде ютуб әлеуметтік желісі мен bilim.vko порталына жүктелген. Алдағы уақытта бейнесабақтардың аймақтық телеарналарда көрсетілу мүмкіндігі қарастырылуда. Алдағы уақытта ұстаздарға әдістемелік көмек көрсететін көмекші құрал мен ұстаз жұмысын ұштастыру арқылы білім ресурстарындағы қиындықтарды оңай еңсеруге болатындығына сенім мол дейді салаға жауаптылар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар