ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕР ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

17:43, 28 қыркүйек 2020

Глубокое ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы сәтімен жүзеге асырылуда. Жоба аясында әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді. Әсіресе, білім ордаларына ерекше көңіл бөлінген. Биыл талай жыл жөндеу көрмеген бірнеше білім ошақтары күрделі  жөндеуден өтті. Соның бірі - Ыбырай Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі. 40 жылға жуық уақыт білім беру мекемесі жөндеу көрмеген. Әсіресе, кәріз құбырларының тозығы жеткен. Қызметкерлердің айтуынша, бөлмелерде құбырлардан судың ағып кетуіне байланысты үнемі жағымсыз иіс шығады. Бұл жәйт олардың әбден мазасын қашырған. Тіпті, жұмысқа да кедергі, - дейді олар. "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында бұл проблемалардың барлығы небәрі 2 ай ішінде шешімін тапты, - деп қуанышпен жеткізді. Жоба шеңберінде Белоусовка бастауыш мектеп - балабақшасына 8 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат ескірген жуыну бөлмелері мен дәретхананы толығымен жаңартуға көмектесті. №1 Предгорненск орта мектебінде де айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Шамамен 200 бала білім алатын ғимарат бұрыннан жаңаруды қажет еткен. Бірнеше жыл бойы шатырдан су кетіп,  терезелерден суық үрлейтін. Ал, биыл аталған проблемалардың барлығы шешімін тапқан. Нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілді. Қазіргідей жаһандану заманында білім беру жүйесінің алдында үлкен  міндеттер тұр. Сондықтан аудан мектептері сапалы білім беру үшін оқушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар