ШҰҒЫЛ! «Қанды азу» қойылымы Толығырақ

КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

21:28, 22 тамыз 2017

Елбасының білім саласын реформалау бойынша берген тапсырмасы тыңғылықты орындалуы қажет.

Үш тілді қатар, әрі терең біліп меңгерген ұрпақты өсіріп, тәрбиелеп шығару бүгінгі ұстаздардың алдына қойылған міндет. Міне осы мақсаттағы жұмыстар жүйелі түрде іске асуда. Соның бір дәлелі, Кембридж университетімен келісімшарт жасалды. Соның арқасында ендігі уақытта Өскемендегі "Нұр Орда" мектеп-лицейіндегі оқушылардың білімі мен ағылшын тілін білу деңгейін тек ағылшындық ғалымдар ғана қадағалайтын болады.

Кембридж университеті Еуропадағы ең ірі орталық әрі ежелгі университеттердің бірі. Іргетасы 1209 жылы қаланған. Бүгінде отызға тарта колледждерден құралған оқу ордасымен бірлесе жұмыс істеуге ниетті білім ошақтарының саны ұшан-теңіз. Алайда, алуан түрлі сынақтардан өтіп, өз мүмкіндіктерінің мол екенін дәлелдеп бағу барлығының маңдайына жазылып берілмепті. Бүгінге дейін еліміздің әр қаласынан тек алты оқу орны ғана арнайы сертификат алған еді. Жақында облыс орталығындағы "Нұр Орда" мектеп-лицейі жетінші болып, келісім жасау жетістігіне жетті. Оған жерлестерімізден бөлек, мұнда арнайы келіп сабақ беріп жүрген шетелдік ұстаздар да разы болуда.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
21:49, 29 тамыз 2017
ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
21:19, 16 тамыз 2017
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасы
14:04, 9 желтоқсан 2019
«Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасы
Толығырақ...