ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ

18:07, 16 қыркүйек 2020

Әлем халқын әбігерге салған індет еліміздің білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер әкелді. Жаңа оқу жылы жаңа форматта басталды. Әрине, бұл ретте ұстаздар мен балалардың қауіпсіздігін сақтау басты назарда. Әсіресе жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен ерекше күтімді қажет ететін оқушыларға айрықша көңіл бөлініп отыр.Індет кезінде жұрт болып жұдырықтай жұмылып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» сын сағатта қолұшын созған жандар да арамыздан табылды. Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік салаларынан бастап қайырымдылық қорлары да игі істерге мұрындық болды. Бұдан бөлек, «Қазцинк» ЖШС жетім балаларға жазғы демалысты ұйымдастыру мен олар пайдаланған интернет қызметін төлеуге көмектескен. Ал «Дегдар» гуманитарлық қоры Семей қаласындағы нөмір сегізінші балалар үйіне дәрі-дәрмек жеткізген. Жуырда «Титан-магний комбинаты»  «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қашықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру мақсатында 20 компьютер мен 10 ноутбук сатып алып берген. 2018 жылы «Самрұқ қазына», «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен қаладағы №8 орта мектепте инклюзивті білім беру кабинеті ашылды. Кабинет ерекше күтіммен қатар ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған. Жеке қайырымдылық қорлармен бірлескен жоба 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Демеушілер қамқорлыққа алынған балаларды бір сәтке де назардан тыс қалдырған емес. Демеушілер тарапынан көрсетілген көмектің жалпы сомасы 25 млн теңгеден астам. Бір сөзбен айтқанда, қайырымдылық жасау үшін қалталы болу маңызды емес.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:05, 18 қыркүйек 2020
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар