ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ҒЫЛЫМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ДЕН ҚОЙЫЛАДЫ

18:12, 10 қыркүйек 2020

Ғылым және жаңа технологиялар. Аймақтың жоғарғы оқу орындары өңірдің өндіріс орындарымен белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мәселен, екі жыл ішінде жүзеге асқан жобалар құны 500 млн.теңгеден асқан. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары картоптың жаңа сортын шығару жұмыстарын жүзеге асыруда. Зертхана базасында университеттің биолог ғалымдары мен биотехнологтардың бірлескен еңбегі нәтижесінде 67 жаңа сорт шығарылған. Аталған өнімдер шығысқазақстанның климаттық жағдайына бейім. Аталған бастама педагог мамандарды дайындауда сапаны арттыруға сеп болмақ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде  бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет екендігін айтқан болатын.  2020 жылы биология және биотехнология зертханасы ҚР БҒМ министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобаның 61 млн.теңгелік грантын жеңіп алды. Жоба ауыл шаруашылығы дақылдарын вирустан  қорғауға бағытталған. Аталған жоба өңірдің аграрлық орталықтарымен бірлесе іске асырылады.

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:05, 18 қыркүйек 2020
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар