ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

"ӘЛІППЕ" МЕН "АНА ТІЛІ" ҚАЙТА ОҚЫТЫЛАДЫ

14:02, 24 шілде 2020

2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Министрдің осынау мәлімдемесін көпшілік қолдап, маңыздылығын ғаламтор беттерінде жарыса жазып жатыр.

Бұл жаңалықты қуана қабыл алғандардың бірі - өскемендік жас ана Лейла Орынбасарова. Ұлы Нұрислам 2021 жылы мектеп табалдырығын аттамақ. Қазірдің өзінде перзентін жанына алып, жан-жақты дайындауға тырысып жүрген Лейла кішкентай Нұрисламның “Әліппемен” әріп танып, “Ана тілімен” бойына қазақы болмысты сіңіре өсетініне кәміл сенімді. Білім және ғылым министрінің айтуынша, бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі. Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болғаннан кейін оларды пилоттық мектептерде сынақтан өткізу көзделген. Арнайы құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы да ұйымдастырылып үлгерді. Енді жоспарға сай, 2021 жылдан бастап мыңдаған балғын білім бастауын әліппеден бастамақ.

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:05, 18 қыркүйек 2020
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар