ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА? Толығырақ

«ӘЛІППЕ» ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

16:49, 3 қараша 2020

Әліппе 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқу бағдарламасына қайтадан енгізіледі. Мұндай жағымды жаңалықты  Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жеткізді. Қазіргі уақытта «Әліппе» оқулығы әзірленіп, оқыту бағдарламасы айқындалған. 2021-2022 оқу жылынан бастап алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылар «Әліппемен» оқиды. Қалың жұртшылық, әсіресе мұғалімдер қауымы «Әліппе»-нің оралуы білім беру жүйесіндегі үлкен жаңалық деп қуана қабылдауда. Оқу бағдарламасын әзірлеуде ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының әдіснамасы негізге алынған. Оқушыларға бүгінгі заман талабына сай құрастырылған кітап беріледі. 39 жыл бойы дәріс беріп келе жатқан бастауыш сынып мұғалімі Бекзат Тоғысова білімнің негізі бастауышта қалыптасатынын айтады. Сондықтан да «Әліппе»-ні оқыту аса маңызды дейді. Оқулықты құрастыруға тіл саласының ғалымдары мен бастауыш сынып мұғалімдері атсалысқан. Жаңа жылдан бастап баспадан шыққан су жаңа кітап апробациядан өтеді. Қолданысқа енгізілместен бұрын кемшіліктері ескеріліп, қыркүйекке дейін түзетіледі. Балалар желтоқсан айына дейін «Әліппе»-ні оқиды. «Әліппе»-мен қоштасып барып, «Ана тіліне» көшеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БОЛДЫ
17:17, 11 қаңтар 2021
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БОЛДЫ
Толығырақ...
СЕМЕЙДІҢ МЕКТЕПТЕРІ «ЭКОАСАР» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:33, 8 қаңтар 2021
СЕМЕЙДІҢ МЕКТЕПТЕРІ «ЭКОАСАР» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ
17:17, 12 қаңтар 2021
КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...