ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ СҰРАҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

17:18, 30 маусым 2020

Өскеменде теологтарға арналған оқыту семинары өтті. Күн тәртібінде дін саласына қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Экстремизм мен терроризм тақырыптары бойынша қоғамды дұрыс ақпараттандырудың жолдары қарастырылды.

ШҚО Дін істері басқармасы ақпараттарды қоғамға дұрыс жеткізу мақсатында теологиялық жұмыстардың формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдірудің жолдарын семинар арқылы түсіндірді. Сондай-ақ, жиында деструктивті діни ағымдарды жақтаушылардың теологиялық жұмыстарының ерекшеліктері айтылды. Оқыту семинарына өңір тұрғындарымен қатар теологтар да қатысты. Ернұр Қанапиянов Түркия республикасы, Стамбул қаласындағы Хасеки университетін «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оның семинардағы түсіндірген тақырыбы «жиһад» ұғымының өткені  мен бүгініне арналды. Теолог ислам дініндегі жиһад ұғымына дұрыс түсінік қалыптастырудың жолы турасында айтты. Мамандардың сөзіне сенсек, бұндай семинарларды көптеп өткізу жұртшылық арасында діни түсініктерге деген дұрыс көзқарастарды қалыптастырып қана қоймай, оларды жете түсінуге жол ашады. Қазіргі таңда Қазақстанда діни жағдай тұрақты. Соңғы жылдары облыс әкімдіктері жанынан дін істері жөніндегі басқарма құрылды. Олардың басты міндеті елдегі діни шиеленістердің алдын алу болып табылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар