ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Бүгін мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды

21:22, 25 мамыр 2017

Өскемен қаласы бойынша 1400-ге жуық ұл-қыз алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағады.

Әрқайсысының жанарында - жас, көңілдерінде - қимастық сезім.

Салтанатты жиын мемлекеттік тудың ортаға әкелініп, мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды.  Бұл күні Өскеменде 1394 оқушы түлек атанып, жаңа өмірге қадам басады. Солардың бірі -  № 11 мектеп-лицейінің түлектері. Көк лента тағынған оқушылар алғаш мектепке келгендегі дәстүрді еске түсірді. Жыр-тақпақтарын оқыды. Вальс биледі.
Естен шығармаған жөн, алда оларды Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы күтіп тұр. Мерекелік шарада  оқу жылының аяқталуымен ұстаздар, ата-аналар, алдыңғы толқын түлектер  құттықтап, мектеп бітірушілерге сәтті қадам тіледі. Білім беру сапасы жылдан-жылға артып отырған ошақ қазір  мектеп-лицей атағына ие болған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
21:49, 29 тамыз 2017
ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
21:28, 22 тамыз 2017
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
21:19, 16 тамыз 2017
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар